|
| |
|
Палица Григорий Кузьмич
Палица Григорий Кузьмич 1924 жылы 16 шілдеде Украина Республикасы, Одесса облысы, Катов ауданы, Николаевка ауылында дүниеге келген. Жастайынан ауылда трактормен жер жыртып, комбаин айдап астық жинап еңбектің ащы дәмін татады. 1941 жылы 1 наурызда военкоматқа жинап, Молдавияға соғысқа алып кетеді. 1944 жылы 28 ақпанда оң аяғына снарядтың сынықтары тиіп, қатты жараланады. 6 ай госпитальда жатқан соң, Будапештке алып кетеді, Будапешттен Румынияға, одан Болгарияға, Тимошорға аттанады. 1945 жылы 20 адамды Ясногородтегі Тимошорға комендатураға алып қалып, Григорий Кузьмичті старшина етіп сайлап, соғыстан кейін тағы 3 жыл қызмет атқарған.
Туған жеріне 1947 жылы 28 ақпанда оралып, отбасымен қауышады. Елге оралған соң, сол жылдың 8 қарашасында үйленіп, отбасын құрады. 8 жыл тауар таситын вагондарда жұмыс істейді.
1954 жылы Қазақстанға келіп, Мырғалымсай кенбайыту фабрикасына электросварщик болып орналасады. 1974 жылы зейнеткерлікке шығып, тағы он жыл «Глубокий» шахтасында қызмет істейді. Бірнеше рет мақтау қағаздарымен, ақшалай сыйақылармен марапатталған.
Әйелі қайтыс болған соң, 1982 жылы Полина деген аруға үйленеді. Палица Полина Павелқызы 1928 жылы 20 қыркүйекте Ресейде Омск қаласында дүниеге келген. Кейіннен Қарағандыға, одан 1963 жылы Кентауға көшіп келіп, поштаға оператор болып орналасып, 1984 жылы зейнетке шыққанға дейін қызмет атқарған.
Григорий Кузьмич 1941-1945 жылғы ҰОС медалімен, мерейтойлық ордендермен, Еңбек ардагері, 10 жыл Астана, ССР қарулы күштерінің мерейтойлық медальдарымен, Ерлігі үшін, Доблестный еңбегі үшін, Георгий Жуков медалі, Облысқа сіңген еңбегі үшін және басқа да көптеген медальдармен, Алғыс хаттармен марапатталған.
Бүгінде 2 қыз, 4 немере, 5 шөберенің қызығын көріп отырған ардагер ақсақал тек елдің амандығы мен бірлігін тілеуде.
Нравится ли вам данная статья?
Не забудьте оставить комментарий
|
|
|
|
|