Досуг
Рестораны
Кафе и бары
Гостиницы
Бильярд
Игровые клубы
Бани и сауны
Салоны красоты
Организация свадеб
Ролик клуб
Залы торжеств
  Образование
Школы
Колледжи
ВУЗы
Детсады
Спортшколы
Автошколы
 Медицина
Больницы
Поликлиники
Роддомы
Аптеки
Стоматологии
Ветеринары
 Спорт
Фитнес
Спортивные секции
Спорт магазины
 Культура и СМИ
Телевидение
Газеты и журналы
Библиотеки
Музеи
Дома культуры
Религия
 Бизнес
Банки
Страхование
Рекламные агентства
Нотариусы
 Транспорт
Вокзалы
Такси
Маршрутные такси
Автомойки
Автозапчасти
Автосервисы
АЗС
 Торговля
Рынки
Быт.техники
Компьютеры
Цветы
Окна и двери
Магазины
Фотосалоны
Ювелирка
Обмен валюты
Строй магазины
Мебель на заказ
 Органы власти
Акимат
МВД
МЧС
ЦОН
ГАИ
МИН.юстиций
Военкомат
 Галерея
Фото Галерея
Видео Галерея
Игры
  Прочее
Админ
Помощь сайту
Контакты






Библиотеки города Кентау



1. Центральная библиотека

Адрес: Алтынсарина 14
Телефон: +7(72536) 35451

Читать далее...





Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі туралы мәлімет

Бүгінде қалада 14 мәдениет ошағы халыққа жүйелі түрде қызмет етіп келеді. Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің негізі 1959 жылы қаланған.

1973 жылы «Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» болып біріктірілді.
Асыл қазына - кітапты насихаттау және қала тұрғындарын кітап оқуға тарту мақсатында Кентау қаласының іргесін қалаушылармен бірге Кентау қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Л.В.Шпилянская, қалалық кітапқұмарлар қоғамының меңгерушісі А.П.Каспиева, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Е.Е.Васильева, орталық кітапхана жүйесінің әдіскері О.А.Штро, орталық балалар кітапханасының директоры Р.И. Рафаилова, кітапханашылар Н.Н.Саламатина, Б.А.Оспанова және т.б. еңбектері ұшан теңіз.

Сол кезден бастап-ақ қаланың өндіріс саласымен қоса мәдениет саласыда қарқынды түрде дамыды. Қалада 8 кітапхана ашылды, ал 1998 жылы кітапханалардың саны 6 есе көбейді. Өте сауатты ұйымдастырылған бұл кітапханалар жүйесіне – орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханалар, өндіріс оқу орындары мен кәсіподақ кітапханалары кірді. Қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде кітапханалар өз жұмыстарын жоспарлы және жүйелі түрде жүргізді.

Көркем де жасыл қаламызда кітапханаларды орталықтандыруды жүзеге асыру тәжірибесі уақыттың қатал заңдылығына төтеп бере алды.
1977 жылы «Спутник» кинотеатрында кітапханашылар стенд безендіріп, рухани байлығымыз -кітап оқуға арнап «Кентау-оқырмандар қаласы» атты іс шара өткізді. Кентау әуел бастан-ақ үлгі аларлық мәдениеті бар, кітапханалар жүйесі дамыған, қала тұрғындарына кітапты насихаттауда озық дәстүрлерді көрсете білді.

1995 жылы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне бұрынғы бала-бақшаның 2 қабатты ғимараты берілді. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері барлығы бірлесіп, күш-жігерлерін жұмсап, ғимарат ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл уақытта көптеген кітапханалар жабылып, республика бойынша кітапхана жүйелерін –оңтайландыру жүріп жатқан болатын.

2000 жылы орталық балалар кітапханасына бұрынғы бала-бақшаның ғимараты берілді. Орталық балалар кітапханасында да тұсау кесері өткізіліп, оған Кентау қаласының бұрынғы әкімі Б.Ә.Жылқышиев қатысты.

Бүгінде Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне 18419 оқырманға қызмет көрсететін 9 кітапхана кіреді. Келіп-кетушілер саны -212017, кітап берілімі -508520 бірлікті құрайды.
Соның ішінде:
Қалалық орталық кітапханалар – 2
Қалалық кітапхана – филиалдары -2
Ауылдық кітапханалар – 5
ОКЖ кітапханаларының орналасқан жері:

1. Қалалық орталық кітапхана – 1 Кентау қаласы
2. Орталық балалар кітапханасы – 1 Кентау қаласы
3. №2 кітапхана – филиалы – 1 Қантағы ауылы, клуб ғимаратында
4. №5 кітапхана – филиалы – 1 Байылдыр ауылы, әкімшілік ғимаратында
5. №7 кітапхана – филиалы – 1 Ащысай ауылы, клуб ғимаратында
6. №8 кітапхана – филиалы – 1 Бүргем ауылы, ескі мектеп ғимаратында
7. №10 балалар кітапхана – филиалы – 1 Кентау қаласы
8. №11 кітапхана – филиалы – 1 Кентау қаласы, орталық аурухана
ғимаратында
9. №15 кітапхана – филиалы – 1 Қарнақ ауылы, жеке үйде


Қазіргі таңда Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесін өз ісінің маманы жан-жақты ізденімпаз да білгір басшы Кокулова Гульнара Исабекқызы басқарады.

Бүгінде Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қаланың мәдени өміріне белсенді түрде ат салысып, өз жұмысын қаланың қоғамдық-мәдени дамуына сәйкес бағытта жүргізуде. Қаладағы ешқандай ірі мәдени мереке кітапхананың ұйымдастырған ашық кітап көрмесінсіз өтпейді.
Кітапхана қаладағы ұлтаралық қатынастарды нығайту, ұлтаралық мәдениетті өзара байыту жолында ұлттық мәдени орталықтармен бірлесе отырып көптеген достық кештерін ұйымдастырады.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханаларда көптеген тәрбиелік мәні бар, рухани ой-өрісті дамытатын іс шаралар өткізіледі. ХХI ғасыр -техника, жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры.

Кітапхананың операторы Ұ.Турғанбаевамен бірлесіп кітапханашылар үшін Интернет – тренингтер өткізіледі және мұндай іс-шаралар оларға өздеріне қажетті ақпаратты іздеп табуда көп көмегін тигізеді.
Кітапханалық және кітапханалық – библиографиялық білімді насихаттау мақсатында кітапханада әр түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады. Мысалға: «Осенние этюды» - «Күз кереметтері» атты библио-жарнама ұйымдастырылды.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханаларда сонымен қатар мүдделес клубтар жұмыс істейді. Олар: «Ата дәстүр –асыл мұра» «Дидарласу отауы»- орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, «Жастар жалыны» - орталық кітапхананың абонемент бөлімі, «Бәрін білгім келеді», «Ертегілер елінде» - орталық балалар кітаипханасы, «Атамекен» - №2 кітапхана – филиалы, «Аяла жасыл желекті» - №5 кітапхана- филиалы, «Шаңырақ» - №15 кітапхана- филиалы.

Жастарды кітап оқуға баулу, оған деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Кентау қалалық орталық кітапханада 2010 жылы «Оқитын жастар – ұлт болашағы» атты облыстық аймақтық семинар ұйымдастырылды. Болашағынан көп үміт күттіретін жастарымыздың қазіргі таңда кітапқа деген қызығушылығын арттыруда «Интернет – бір күндік, кітап мәңгілік» атты ток-шоу өткізілді.
Біз алтыншы рет «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында іс-шара өткіздік. Акция жаппай оқу мен отандық әдебиетке, соның ішінде классикаға, сол секілді қазіргі заман әдебиеті мен поэзияға да қоғамдық қызығушылықтың әрі қарай өсе түсуіне ықпал етуге шақырады. Бұл іс-шараларды ұлтық әдебиетіміздің үздік туындыларын, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқытуға жастарды тарту мақсатында ұйымдастырамыз.

Оқырмандар мұндай іс-шараларға қатысу арқылы ұлттық әдебиет әлеміне, яғни дала жазушысы атанған Абайдың «Қара сөздері», классик жазушы М.Әуезовтің «Қилы заман» повесі, М.Жұмабаевтың «Жан сөзі» махаббат лирикасы, ақиық ақын Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» атты мәңгілік жырларын және ХХ ғасыр басында алмасқан қоғамдық құрылыстар мен жіктелген екі дәуірдің шекарасында өмір сүріп, сол бір аласапыран заманның шындығын әдебиет тілінде үлкен суреткерлікпен бейнелеген қаламгердің бірі Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы, О. Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесіне жол алды.

Сонымен бірге орталық кітапханада және оның филиалдарында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында мәдени мұрамызды сақтау, қайта жаңғырту, яғни «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шығарылған әдебиеттерді насихаттау мақсатында өте көп жұмыс жүргізіледі. Қала тұрғындарын кітап оқуға баулуда мекемелерге барып көшпелі кітап көрмелерін ұйымдастыру да жоғары нәтиже беріп келеді. «Тарихтың куәсі, елдіктің тұмары» - «Золотые россыпи столетий», «Тәуелсіздікке 20 жыл», «1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні», «Оңтүстік Қазақстан облысына 80 жыл», «» атты ашық кітап көрмесі орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты барлық кітапхана-филиалдарында ұйымдастырылды.
Кітапхана жетістіктері: 2010 жылдың тамыз айында Орталық кітапханаға РАБИС бағдарламасы орнатылып, жұмыс істей бастады. 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін РАБИС КАТАЛОГИЗАТОР модулі арқылы жаңа келіп түскен кітаптарға сипаттама жазылып келеді. 2007 жылдан бері Ащысай ауылы мен Бүргем елді-мекенінде кітапханалар ашылды.
Қала тұрғындары алып тау әлдилеген әсем қаламыздың өсіп - өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен кеншілерді мақтан етеді. Кентауда екі рет болған қазақтың белгілі классик жазушысы М.О.Әуезов: «Соншалықты сүйсіндірген Кентауды қазыналы Қаратаудың тәжі дер едім», - деп өте жоғары бағалады. Солай екен Қаратау тәжі атанған көркем де әсем қаламызды рухани мұрасы бай, жан-жақты білімді жастарға толы – оқырмандар қаласы екендігі сөзсіз. Сондықтан жастарды кітап оқуға баулу, бұл жолда аянбай, шығармашылықпен жұмыс істеу біз кітапханашыларға жүктелер міндет.

 

Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

1959 жылы ашылған.
1973 жылы Кентау қалалық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесі болып біріктірілген.

ОКЖ бойынша кітапханалар саны – 9
Қалалық орталық кітапхана – 1
Орталық балалар кітапханасы -1
№2 кітапхана-филиалы -1
№5 кітапхана- филиалы -1
№7 кітапхана-филиалы -1
№8 кітапхана- филиалы - 1
№10 балалар кітапхана- филиалы -1
№11 кітапхана- филиалы -1
№15 кітапхана-филиалы -1
Кітапхана бөлімі
Әдістемелік және анықтама – библиографиялық бөлім
Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Қызметкерлер саны барлығы – 31
Соның ішінде кітапханашылар саны – 21
Білімі бойынша:
Жоғары білімді – 16
Орта арнаулы білімді - 5

- 2007 жылы «Сенің персоналың – сенің жетістігің» - облыстық әдістемелік қызмет түрлерін жоғары деңгейде көрсете білу байқауының жүлдегері.
- 2008 «Білікті маман - тиімді ізденіс» облыстық байқаудың жүлдегері.
- 2009 жылы «Жырдан жауһар түзетін Хан апаның сіңлілері» -жас ақын қыздар облыстық мүшәйрасы –ынталандыру сыйлығы
- 2009 жылы «Кітапханалық идея-2009» облыстық байқау - ынталандыру сыйлығы
- 2010 жылы РАБИС бағдарламасы енгізілді
- 2010 жылы Кентау қаласының 55 жылдығына орай жерлесіміз Ресей меценаты Бекболат Бекеновтің демеушілігімен жарыққа шыққан «Тарих тамшылары», «Капли истории» атты кітабының жазылуына көмек көрсеткен кітапхана ұжымына алғыс білдірілген естелік сыйлығын алды.
- 2011 жылы Облыстық А.С.Пушкин атындағы ғылыми -әмбебап кітапханасының ұйымдастырған «Үздік оқитындар әулеті» атты облыстық байқаудың ІІІ орын иегері
- 2012 жылы Облыстық А.С.Пушкин атындағы ғылыми -әмбебап кітапханасының Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығы аясында ұйымдастырған «Туған өлке – тұнған шежіре» атты байқауының ІІІ орын иегері

«Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қалалық орталық кітапхана Кентау қаласы, Алтынсарин көшесі, №14 Мекеменің салынған жылы 1959 жылы. Жалпы кітап қоры (мың дана) 161989 дана кітап
Бөлімдері:
- Абонемент
- Оқу залы
- Кітапханадан тыс қызмет көрсету бөлімі
Мүдделес клубтар:
- «Ата дәстүр – асыл мұра» - оқу залы
- «Дидарласу отауы» - оқу залы
- «Жастар жалыны» - абонемент бөлімі
Тел: (жұмыс) 3-54-51
Жетістіктері:
- 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске мәңгілік тағзым» атты тақырыпта өткен «Ең үздік іс-шара» байқауы – Бас жүлде иегері
- 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Туған өлке – тұнған шежіре» атты қалалық байқаудың І орын иегері

«Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қалалық орталық балалар кітапханасы Кентау қаласы, Әл-Фараби көшесі, №55А
Мекеменің салынған жылы 1960 жылы
Жалпы кітап қоры (мың дана) 50825 дана кітап
Бөлімдері:
- Абонемент
- Оқу залы
Мүдделес клубтар:
- «Бәрін білгім келеді» - оқу залы
- «Ертегілер әлемінде» - абонемент бөлімі
Тел: (жұмыс) 3-59-49
Жетістіктері:
- 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған «Жадымызды жаңғыртайық» Ұлы Жеңіске арналған облыстық шығарма жазу байқауының ІІ орын иегері
- 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында ұйымдастырылған Төлеген Айбергенов 80 жылдығына «Мәңгілік сағыныш жыршысы» облыстық жас ақындар мүшәйрасының ІІ орын иегері
- 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында ұйымдастырылған «Ең үздік библиографиялық құрал» атты облыстық байқаудың І орын иегері

«Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№2 кітапхана –филиалы, Хантағы ауылы, Ильич көшесі, клуб ғимаратында
Мекеменің салынған жылы 1971 жылы кітапхана ашылды
Жалпы кітап қоры (мың дана) 12593 дана кітап
Мүдделес клубы:
- «Атамекен» клубы

Жетістіктері:

 - 2004 жылы Облыстық А.С.Пушкин атындағы ғылыми – әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Ауылдық кітапхана – мәдениет және бос уақытты ұйымдастыру орталығы» атты кітапханалық эстафета жүлдегері
- 2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған «Ең үздік іс – шаралар» байқауының жүлдегері.

«Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№5 кітапхана –филиалы, Байылдыр ауылы, Воладарский нөмірсіз, әкімшілік ғимаратында
Мекеменің салынған жылы 1999 жылы кітапхана ашылды
Жалпы кітап қоры (мың дана) 6514 дана кітап
Мүдделес клубы:
- «Аяла жасыл желекті» клубы
- 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске мәңгілік тағзым» атты тақырыпта өткен «Ең үздік іс-шара» байқауы – ІІ орын иегері
- 2012 жылы Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған іс – шараларды мемлекеттік тілде жоғары деңгейде өткізген үшін марапат иегері

«Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№7 кітапхана –филиалы, Ащысай ауылы, Клуб ғимаратында
Мекеменің салынған жылы 2006 жылы кітапхана ашылған
Жалпы кітап қоры (мың дана) 3897 дана кітап

«Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№8 кітапхана-филиалы, Қарнақ ауылы, Бүргем елді-мекені, Б.Момышұлы көшесі №1
Мекеменің салынған жылы 2009 жылы қараша айында ашылды
Жалпы кітап қоры (мың дана) 4908 дана кітап
Жетістіктері:
- 2009 жылы Облыстық А.С.Пушкин атындағы ғылыми -әмбебап кітапханасының «Ауыл жылы» бағдарламасы аясында ұйымдастырған «Ең үздік ауылдық кітапханашы - 2009» байқауының ынталандыру сыйлығы.
- 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Туған өлке – тұнған шежіре» атты қалалық байқаудың ІІ орын иегері

«Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№10 балалар кітапхана-филиалы, Кентау қаласы, Алтынсарин көшесі №14
Мекеменің салынған жылы 1971 жылы кітапхана ашылды
Жалпы кітап қоры (мың дана) 14006 дана кітап
Мүдделес клубы:
- «Іскер қолдар» клубы
2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында ұйымдастырылған «Мен және менің кітапханам» тақырыбындағы эссе жазудың ынталандыру сыйлығының иегері
- 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында ұйымдастырылған «Ең үздік өлкелік библиографиялық құрал» байқауының ынталандыру сыйлығының иегері
- 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Туған өлке – тұнған шежіре» атты қалалық байқаудың Бас жүлдесінің иегері
- 2012 жылы Облыстық А.С.Пушкин атындағы ғылыми -әмбебап кітапханасының Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығы аясында ұйымдастырған «Туған өлке – тұнған шежіре» атты байқауының ІІІ орын иегері

«Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№11 кітапхана-филиалы, Кентау қаласы, Қонаев көшесі №26
Мекеменің салынған жылы 1976 жылы кітапхана ашылды
Жалпы кітап қоры (мың дана) 7904 дана кітап
Жетістіктері:
- 2003 жылы «Менің кітапханам – денсаулық жылында»-атты облыстық жылы Облыстық А.С.Пушкин атындағы ғылыми -әмбебап кітапханасының ұйымдастырған байқауына қатысты 2005 –Қалалық деңгейде өткен
- 2008 жылы «Ең үздік насихатшы – кітапханашы» -атты кітапханашылар сайысында бас жүлде иегері.
- 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Туған өлке – тұнған шежіре» атты қалалық байқаудың ІІІ орын иегері

«Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№15 кітапхана-филиалы, Қарнақ ауылы, Тельман көшесі №4
Жалпы кітап қоры (мың дана) 10704 дана кітап
Мекеменің салынған жылы 1988 жылы
Мүдделес клубы:
- «Шаңырақ» клубы
Жетістіктері:
- 2005 жылы Облыстық А.С.Пушкин атындағы ғылыми -әмбебап кітапханасының «Ауыл жылдары» бағдарламасы аясында ұйымдастырған «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауының ІІІ орын иегері

 Читайте также:







Нравится ли вам данная статья?

Нравится











Не забудьте оставить комментарий




















Система Orphus



© Кентау 2014 - 2024 копирование материалов разрешено только при условии размещения гипер ссылки на сайт kentuki.kz