|
| |
|
Махамбетов Орынтай
Махамбетов Орынтай 1921 жылы 5 наурызда Созақ ауданы, Алғабас колхозында дүниеге келген. 1939 жылдан бастап, Ащысай поселкесі руднигінде слесарьдың шәкірті болып, 1940 жылы ұнтақтаушы, бұрғылаушы болып қызмет атқарып жүргенде, 1942 жылдың көктемінде Томбов жаяу әскер училищесіне, бір жарым айдан кейін Батыс майданына артилерияға алып кетеді. Калинин фронтында жүріп, сол аяғынан жараланып, госпитальда болады.
Екі айдан кейін бригадаға қайтып келген соң, 1942 жылдың қыркүйегінде орманнан балшықты кесіп өтіп, ұзақ жаяу жүріп, Оңтүстік майданға аттанады.1943 жылы ішіне оқ тиіп тағы жараланады.
Соғыста автокурсты оқып, жүргізуші болып Польша, Румыния, Венгрия жерін басып қару-жарақ тасыған.
1945 жылы ұлы жеңісті Австрия жерінде күттік дейді қария. Соғыстан кейін 1 жыл Хмельницкіде әскер қатарында болған. 1946 жылы елге оралғаннан соң, майдангер өз жұмысына қайта оралып, аға бұрғылаушы болып 1985 жылға дейін қызмет атқарған. ҰОС ІІ дәрежелі орденімен, Еңбек ардагері орденімен, Даңқ орденімен, 10 жыл Астана, Кеңес одағының маршалы Жуков медалімен, Ерен еңбегі үшін медалімен, жеңіс медалімен, СССР Қарулы күштеріне 60 жыл, 70 жыл, Германиядағы жеңіс үшін медальдарымен марапатталған.
автор: Ж.ТӨЛЕБАЕВА
Нравится ли вам данная статья?
Не забудьте оставить комментарий
|
|
|
|
|