Досуг
Рестораны
Кафе и бары
Гостиницы
Бильярд
Игровые клубы
Бани и сауны
Салоны красоты
Организация свадеб
Ролик клуб
Залы торжеств
  Образование
Школы
Колледжи
ВУЗы
Детсады
Спортшколы
Автошколы
 Медицина
Больницы
Поликлиники
Роддомы
Аптеки
Стоматологии
Ветеринары
 Спорт
Фитнес
Спортивные секции
Спорт магазины
 Культура и СМИ
Телевидение
Газеты и журналы
Библиотеки
Музеи
Дома культуры
Религия
 Бизнес
Банки
Страхование
Рекламные агентства
Нотариусы
 Транспорт
Вокзалы
Такси
Маршрутные такси
Автомойки
Автозапчасти
Автосервисы
АЗС
 Торговля
Рынки
Быт.техники
Компьютеры
Цветы
Окна и двери
Магазины
Фотосалоны
Ювелирка
Обмен валюты
Строй магазины
Мебель на заказ
 Органы власти
Акимат
МВД
МЧС
ЦОН
ГАИ
МИН.юстиций
Военкомат
 Галерея
Фото Галерея
Видео Галерея
Игры
  Прочее
Админ
Помощь сайту
Контакты






Экономика города Кентау

Кентау қаласының 2014 жылдың 2 айындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет Қалада жалпы өнімнің көлемі 2014 жылдың 2 ай қорытындысымен 3 млрд. 850,0 млн. теңгеге жетіп, 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 122,2 (3 млрд.151,7 млн. теңге) пайызды құрады.
Оның ішінде: өнеркәсіптік тауар өнімі – 3419,2 млн. теңгені (107,0%), ауыл шаруашылық өнімі 113,9 млн. теңгені құрады 97,9%).

КІРІСТЕР
Кентау қаласының 2014 жылдың 2 ай қорытындысы бойынша қалалық бюджет кіріс бөлігі жоспардағы 813477,0 мың теңгенің орнына 817312,7 мың теңгеге немесе 100,5% орындалды.
Жеке табыстың (кірістердің) орындалуы 104,5% орындалып, жоспарлы 91773,0 мың теңгенің орнына 95881,7 мың теңге түсті немесе жеке табыстар (кірістер) 4108,7 мың теңгеге жоспардан артық орындалды.
2013 жылғы осы уақыттағы кезеңмен салыстырғанда қала бюджетінің жеке кірістердің өсу қарқыны 99,4% құрады.
Бюджеттің кіріс бөлігінің 5 түсім көзі бойынша, яғни 5698,8 мың теңгеге орындалмады, оның ішінде:
- Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 3499,4 мың теңгеге орындалмаған;
- Төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 3,2 мың теңгеге орындалмаған;
- Әлеуметтік салығы бойынша 2163,3 мың теңгеге орындалмаған;
- Тракторшы-машинистің куәлігі берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж бойынша 1,7 мың теңгеге орындалмаған;
- Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістер бойынша 31,2 мың теңгеге орындалмаған.

Облыстық бюджеттен трансферттер мен субвенцияларға жоспарланған 721704,0 мың теңгенің орнына нақты түскені 721431,0 мың теңге немесе 273,0 мың теңге нысаналы трансферттер кем түскен.

ШЫҒЫСТАР
2014 жылдың 2 айында қалалық бюджеттің шығыс бөлігі есепті кезеңдегі қаржыландыру жоспарындағы 816549,0 мың теңгенің кассалық орындалуы 792536,7 мың теңге, яғни 97,1% болып, 24012,3 мың теңгесі толық игерілмеді, (объективті 2358,0 мың теңге, субъективті 21654,3 мың теңге) оның ішінде республикалық және облыстық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттердің жалпы орындалуы 92,0% болып, жоспарлы 198573,0 мың теңгенің нақты 182795,2 мың теңгесі игерілді (игерілмеген сома 15777,8 м.т.оның ішінде түспегені 273,0 м.т.).

ӨНЕРКӘСІП
2014 жылдың 2 ай қорытындысы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары – 3419,2 млн. теңгенің өнімін өндіріп, бұл көрсеткіш 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,0 пайызды құрады (2013 жылдың 2 айы – 2767,7 млн. теңге).

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Кентау қаласы бойынша ауыл шаруашылығы саласында 2014 жылдың 2 айда өндірілген өнімнің алдын-ала мәліметі 113,9 млн.теңгені құрап, өткен жылымен салыстырғанда 97,9% құрады. Мал шаруашылығы 113,1 млн. теңге. Өсімдік шаруашылығы 0,8 млн.теңге.
Кентау қаласы бойынша 2014 жылдың 2 айында алынған өнім көлемі бойынша төмендегідей.
Ет (тірідей салмақта) – 173,2 тонна, өткен жылмен салыстырғанда 101,0% құрады.
Сүт 432,2 тонна, немесе өткен жылмен салыстырғанда 88,8% құрады.
Жұмыртқа 78,4 мың. дана, немесе өткен жылмен салыстырғанда 102,2% құрады.


ИНВЕСТИЦИЯ
2014 жылдың 2 айлық қорытындысымен негізгі капиталға – 296,9 млн. теңге инвестиция тартылып, 2013 жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 284,9% құрады. (2013 жылдың 2 айы – 104,2 млн. теңге).

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2014 жылдың 2 айында:
- жұмыс іздеп есепке тіркелгендер саны - 647 адам (2013 жылдың 2 айында 707 адам);
- ресми тіркелген жұмыссыздар саны - 1096 адам (2013 жылдың 2 айында – 1276 адам);
- тұрақты жұмысқа орналасқандар саны – 78 адам (2013 жылдың 2 айында – 100 адам);
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру туралы 2014 жылы 22 мүгедек жұмыс іздеп келуші ретінде тіркелеген. Соның ішінде: 4 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылды,оның ішінде 1 адам квота бойынша. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының орындалу барысында әлеуметтік жұмыс орындарына -9 адам, тұрақты жұмысқа 3 мүгедек орналастырылды,оның ішінде 1 адам квота бойынша. 2014 жылдың 1 наурызына 44 азамат есепте ресми тіркелуде, 26-әйел.
Бүгінгі таңда есепте тұрған 16-29 жас аралығындағы жастар саны - 450 адам,оның ішінде:
-жоғарғы оқу орнын бітіргендері- 189 адам
-орта арнаулы оқу орнын бітіргендері-206 адам
-кәсіптік оқу бітіргендері- 11 адам
-орта білімді- 44 адам.

Жыл басынан 16-29 жас аралығындағы жастардың тұрақты жұмысқа орналасқаны- 30 адам.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек:
2013 жылы 34 отбасы 167 адамға 3047,3 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген. 2014 жылдың қаңтар, ақпан айларында 19 отбасы, яғни 83 адамға 624,6 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оның 416,4 мың теңгесі төленді. 19 отбасының 17-сі қалада, 1 отбасы Хантағы ауылында, 1 отбасы Ащысай ауылында тұрады. Осы 83 адамның жұмысқа қабілеттісі 20 адам, яғни 3 азамат жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрады, 1 азамат жұмыс істейді, 4 азамат өздігінше жұмыспен қамтылған және 12 азамат 3 жасқа дейін бала күтімінде.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны төлеу бойынша:
2013 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы 2846 отбасы, 9020 балаға 141584,3 мың теңге көлемінде тағайындалып, төленді. 2014 жылдың қаңтар, ақпан айларында 2060 отбасы, 6626 балаға 36632,4 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, оның 24414,8 мың теңгесі төленді.

ДЕМОГРАФИЯ
2014 жылдың 1-ші ақпанына Кентау қаласы мен ауылдары халқының саны 90837 адамды құрады.
2014 жылдың 2 айында туылғандар саны 249 адам (2013 жылдың 2 айында - 284 адам), өлгендер – 60 адамды (2013 жылдың 2 айында – 80 адам) құрады.







Нравится ли вам данная статья?

Нравится











Не забудьте оставить комментарий




















Система Orphus



© Кентау 2014 - 2024 копирование материалов разрешено только при условии размещения гипер ссылки на сайт kentuki.kz