Яндекс.Погода






  Досуг
Рестораны
Кафе и бары
Гостиницы
Бильярд
Игровые клубы
Бани и сауны
Салоны красоты
Организация свадеб
Ролик клуб
Залы торжеств
  Образование
Школы
Колледжи
ВУЗы
Детсады
Спортшколы
Автошколы
 Медицина
Больницы
Поликлиники
Роддомы
Аптеки
Стоматологии
Ветеринары
 Спорт
Фитнес
Спортивные секции
Спорт магазины
 Культура и СМИ
Телевидение
Газеты и журналы
Библиотеки
Музеи
Дома культуры
Религия
 Бизнес
Банки
Страхование
Рекламные агентства
Нотариусы
 Транспорт
Вокзалы
Такси
Маршрутные такси
Автомойки
Автозапчасти
Автосервисы
АЗС
 Торговля
Рынки
Быт.техники
Компьютеры
Цветы
Окна и двери
Магазины
Фотосалоны
Ювелирка
Обмен валюты
Строй магазины
Мебель на заказ
 Органы власти
Акимат
МВД
МЧС
ЦОН
ГАИ
МИН.юстиций
Военкомат
 Галерея
Фото Галерея
Видео Галерея
Игры
  Прочее
Админ
Помощь сайту
Контакты






Тәттігүл Досжанованын естеліктері


«МЕН – ЕҢБЕКШІ ХАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН»
Кешкі самал арасынан түтіннің иісі сезілді, әйелдер кешкі асқа кіріскен уақыт. Сендермен отырып қалыппын – ау, жұмыстарым қалып барады деп басындағы орамалын әлі де қапқара шаштарын басыңқырап тартып жатыр еді, Қасындағы қаумалаған немерелері, апа тағы да, тағы да, деп жамырай түсті.

Жарайды айтайын: Тәттігүл сені жақсы көретін Асан қайғы, Ал тыңдаңдар...
Ертеде қазақтың күшті батыры болыпты...
Қарттың дауысы ақырын ғана естілуде, төрт қара домалақтың ауыздары ашылып көздері бадырайып бір сөзді жіберіп алардай, бірақ басынан аяғына дейін, өз халқының жоқшылықтан дәрменсіз өмір сүріп жатқанын көріп соларға бақыт іздеп шыққан қазақтың бетпақдаласын өзінің желмаясында «бақыт» іздеп аралаған, бірақ еш жерден таппай көңілі қалған Асан Қайғы жайлы аңызды жаттап алсада тыңдап отыр.

Тәттігүл Досжанова өз естеліктерінен ойын жиып, жымия күлді:
Мен бұл аңызды әлі де жақсы көремін. Мен үшін Асан Қайғының шексіз дүние кезіп өткен өмірі халқының көз айнасы секілді. Бірақ өмір өзінікін алды. Қазақстаным бақытын тапты.

СССР-дің Конституциясының қабылданғаны әлі де есімде. Ол біз үшін мереке еді.Алтын заң деп атап кеттік біз оны, өйткені ол заңда жазылған әрбір сөз қазақтарға алтындай көрінді. Жамбылдың өлеңдерін алғаш оқығанда, өзім жазғандаймын әрбір адамның басынан өткенін айқын бейнелеген. Менің де бір халқыма жақсылық жасағым келді, бәріне жететінди.

Осы сезіммен Ащысай байыту фабрикасының жас сезімтал жүк тасымалдаушысы ккүнделікті жұмысқа келетін.
Ай осы Тәттігүл барма сондай пысық!

Қолынан келмейтіні жоқ, жаңа үйренбеген жұмыс болсада. Бұрын қазақтың қыздары кен байытумен айналыспаған ғой, қоқу керек сияқты бірақ жоқ, өзіне сенімді – деді, кен ұсақтаушы бөлімінің бастығы. Ал онымен әңгімелесіп тұрған егделеу келген қазақ кісі қарсы келіп, қоя тұр әліәлсіреген жоқ, жас, барын салып жұмыс істеп жүр, ертең ақ отбасылы болғанда көрерміз деді.
-Бірақ қашан біздің жеке басымыздың ісі бірінші орында тұрды, біз одан сайын құлшына жұмысқа кіріспейміз бе?

Бұрындары күйеуі қалың малға сатып алған әйелінің қожайыны болушы еді ал қазір досы замандасы. Жаңаша қарым қатынас қазақтың отбассына таңсық емес, Бұл Конституциямыздың ықпалы әйел мен еркекті тең құқықты еткен.
Өмірге кішкентай Әмзем келгенде қиындау болды, ал одан кейін Айжамалым, бірақ тату отбасында қиындықтар өтінші болады. Дәл осы кезде соғыс басталды...

Ол көзқарасын жасырып киімдерді жиыстыра бастады. Жоқ ол жыламады, Ысқаққа көз жасын көрсетсе ауыр тиетінін білді, бірақ көздерінен мұң білініп тұрды. Қолдары өздігінен киімдерді салды, жолға арналған тандыр нан мен құртты да дайындады, ал басында соғысқа аттану, мүмкін өлімге деген ой кетпеді.

Тәтжан! – деді Ысқақ, бұл оның еркелетіп атауы еді. Жетеді әбігерлене бермеш, кел оданда сөйлесейік – деді.  Ол келіп қасына отырды, оның отырысының өзі мұң мен жаңсақтықты білдіріп тұрды. Күйеуінің қолы ақырын ғана иығына түсті.

Саған менсіз қиын болатын болды, бірақ амалымыз барма қазір бәріне де қиын, балалар саған аманат, екеуміз қалай өсірсек, сен солай өсір. Бірақ айтқым келгені бұл емес Тәтжан. Мен жоқта еш қиындыққа мойымайсың, осы мықты күйіңде қаларсың деп ойлаймын. Қазіргі кезде бұрынғыданда мықты, төзімді болу керек.

Бүгінгі кеште Тәттігүл алғаш рет күйеуінің көзіне тіктеп қарады да сабырға кел Ысқақ, бәрі де сен айтқандай болады жеңіспен оралыңдар.Уақытша абыржудың ізі де қалмады. Тәттігүл әрқашанда жақсы жұмыс істейтін, бірақ дәл қазіргісіндей емес.Екі ауысым жұмыс істеу керек ауыстыратын адам жоқ. Жарайды шамам келеді, жұмыстан соң жауынгерлерге сыйлықтар дайындау, әрине қуана-қуана! Ал шаршаған кезде жұмыстан соң бой жазып алмақшы болғанда есіне Ысқақ түсетін, мүмкін дәл қазір ол мені есіне түсіріп жатқан шығар уәдемде тұруым керек...

Германия берілді. Ән мен гүлмен, қуаныштан аққан жас, бұл жолы бақытпен соғыстан жеңіспен оралған жауынгерлерді күтіп алудамыз, Ащысайлықтарда оралды, бірақ Ысқақ араларында жоқ.
Ең қорқыныштысы өзінің еңсесін түсірсе не болатыны, морт сынатынынан қорқады. Достар қайғыңды бөлісер кезде керек, ондай достар болды.

1958 жыл Тәттігүл Досжанова екінші рет СССР-дің жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланды. Өте жоғары мәртебе, бұлай марапатталу оңай емес, оған қалай жетті?
Тәттігүл жұмыстан үйіне кіргені сол еді есікті біреу қақты.Ашып еді «Ащысай» кенішінің кеншісі Жәнібек Байбеков екен.

  1. Кіріңіз қонақ болыңыз,
  2. Сені демалдырмағыныма кешір, саған үлкен өтініш, денсаулығым сыр беріп, қаржылай көмек керек еді, кен бастығы  көнер емес- деді.
  3. Жарайды Жанеке көрейін.

Ертесіне жұмыстан соң Тәттігүл үйіне емес Кеніш комитетінің басшысына келді. Ал ол болса қысқа қайырып «қуана берер едік, бірақ ақша жоқ» - деді. Көндіруге тура келді.

  1. Ж.Байбеков – Ұлы Отан соғысынң мүгедегі, соғыстан оралған соң да жаман жұмыс істеген жоқ оған көмек қажет,мұнадай мәселеге қаржы табу қажет!
  2.  Таптық та керекті құжаттар рәсімделді.кеніш комитетінің төрағасы әзілдеп: сенің өзіңе керек болса бұлай әбігерленбес едің. Ал басқаларға келгенде жігерленіп кетесің. Сенімін мұндай кезде сөз таластырудың қажеті жоқ. Тәттігүл күлді де: бұл өзіме сенімді болған кезде ғана, ал өзіме сенімсіз болсам  тексермей тұрып бұл іске араласпас та едім. Бұны Ащысайлықтар жақсы білетін еді. Жұмыста болсын үйде болсын барлық кезде де Тәттігүлге жүгінуге болады. Ол ешқашан қолынан келсе көмегін аяған емес.

Әртүрлі өтініштер де болды үлкені де кішкентайы да, бірақ бәрі де уақыт пен табандлықты, ең бастысы жүректілікті қажет етеді. Есесіне Карл Маркс, Жданов, Жангелдин көшелерінің тұрғындары шын көңілден рахметтерін жаудырып, біздің отбасымыз бір адаммен толықты, сен осы отбасымыздың бір мүшесіндейсің дейтін.

Тәттігүлдің көмегімен бірнеше көшелер көркейтілді, кей үйлерге су құбырлары жүргізілді. Көпетеген жұмыстар көпшіліктің араласуымен бітетін. Тәттігүлде бұндай сенбіліктерге белсене араласатын.

Бұл тірліктердің ең бақытты сәті жемісін көргенде. Қалай шын пейіліңмен кіріссең соғұрлым жақсы нәтижесін көріп марқайып қаласың. Міне сондықтан маған Отанымыздың ең жоғарғы Социалистік Еңбек Ері деген марапатымен марапатталғанда өз көзіме өзім сенбедім, не үшін деп ойладым.Қанағаттанудың қуанышын сезіндім, жұмысма бар күш-жігерімді жұмсап істегенім үшін, ең бірінші марапатым халқыма қызметім. Мен Еңбек Ері атағына лайық емеспін деп ойладым.

Фабрикада оны озат жұмысшы ретінде білді. Ауылда –депутат ретінде таныды. Тағыда оның үшінші міндеті болды – аналық міндеті. Жалғыз және бос отырған уақыттарында көп ойланатын. Осы жүргенімде Ысқақ разымекен маған деп,  осал деп оны айталмайсын, Тәттігүлдің жұмысына ұялмайсын. Ал балаларына келсе ол екеуі тәрбиелегендей өсіре алдыма?
Мен қайтадан Совет Конституциясына рахметімді айтқым келеді. Ысқақ соғықа аттанғанда  Әмзе бес жаста болатын. Ұлым М.Горкий атындағы мектепті тәмамдап КазГу-дың экономика бөліміне түсті. Бітірген соң кенішке оралды. Комбинаттың жоспарлау бөліміне жұмысқа тұрды. Қазір Мырғалымсай кенінің жоспарлау бөлімінің басшысы, әйелі мұғалім, Ы.Алтынсарин атындағы мектепте тарих пәнінен сабақ береді.  

Айжамал болса Шымкент педагогика институтын бітірді, күйеуі де соны бітіріп ұстаз болып отыр.Кеңес үкіметі болмаса балаларым жоғары білім ала алармеді. Жеті немерем бар, бесеуі Әмзенікі, екеуі Айжамалдікі. Екі немерем оқиды, басқалары балабақшаға барады.Балдарыма разымын. Ұжым жетістіктеріне де немқұрайлы қарамайды. Олар жұмыстарын жан тәнімен беріле істейді. Әмзе өзінің жұмысын жақсы біледі, тәжірибелі маман, белсенді, қоғамшыл дейді: кеніштегілер. Ол Жолдастық соттың төрағасы, Кеніштің комитеттік жұмыстарын да белснді атқарады, Халықтық бақылаудың да мүшесі. Анасының үмітін ақтады.

Неден бастап едік өзі? Асан Қайғының аңызынан ба? Білесізбе Қазіргі кезде бәріміздің басымызда Асан қайғының арманы бар, Бақытқа әркімнің де тілегі бар. Тәттігүл Досжанова 1910 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында шаруа отбасыда дүниеге келген. Тәттігүлдің әкесі өмірінің соңына дейін байларға  құл болып  жастай өмірден озған. Тоғыз жасында жетім қалған Тәттігүл  үлкен әпкесінің тәрбиесінде болады.

Ол 1932 жылы  Ащысай полиметалл комбинатына жұмысқа тұрады. Алғашқы алты жыл  күрделі құрылыс бөлімінде қатардағы қызметкер болып жұмыс істеп, ал 1938-1944 жылдары Ащысай кенішінде жүк тасып шығарушы болып жұмыс жасайды.

Соңғы 14 жыл Т.Досжанова Ащысай кен байыту фабрикасында жүк тасымалдаушы болып  жұмыс істейді. Кәсіпорында өнімді арттыру мақсатында  жарыс ұйымдастырылған кезде  Тәттігүл өндіріс жаңашылдарының алдыңғы қатарында жүреді. Ол күннен күнге өнім өндіруді межесінен асыра орындап, жұмыстағы жетістіктерін арттырады.

Жақсы жұмыс істегіні үшін Тәттігүл Досжанова  «Еңбек үздігі» деген медалімен марапатталып, бірнеше рет мадақтама граматаларын алады.
Ол  қандай жерде жұмыс істесе де Социалистік  Отанын көркейту үшін күресте өзінің ісіне лайықты үлесін қосуға атсалысатын.

Тәттігүл Досжанова Ащысай полиметалл комбинатында ширек ғасыр жан аямай жұмыс істеп құрметті азамат болды. Осы құрметінің арқасында 1954 жылы СССР-дің Жоғарғы Кеңесіне депутат қылып сайланды.

Тәттігүл Досжанова өте  қарапайым, қайырымды жан, жұмысшылардың өтініштері мен арыз шағымдарына немқұрайлы қарамайды, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

Аударған: Каспалова. Л  Кентау қалалық мұражайының ғылыми қызметкері


Сондай ақ қараңыз:







Нравится ли вам данная статья?

Нравится











Не забудьте оставить комментарий




















Система Orphus



© Кентау 2014 - 2017 копирование материалов разрешено только при условии размещения гипер ссылки на сайт kentuki.kz