Яндекс.Погода






  Досуг
Рестораны
Кафе и бары
Гостиницы
Бильярд
Игровые клубы
Бани и сауны
Салоны красоты
Организация свадеб
Ролик клуб
Залы торжеств
  Образование
Школы
Колледжи
ВУЗы
Детсады
Спортшколы
Автошколы
 Медицина
Больницы
Поликлиники
Роддомы
Аптеки
Стоматологии
Ветеринары
 Спорт
Фитнес
Спортивные секции
Спорт магазины
 Культура и СМИ
Телевидение
Газеты и журналы
Библиотеки
Музеи
Дома культуры
Религия
 Бизнес
Банки
Страхование
Рекламные агентства
Нотариусы
 Транспорт
Вокзалы
Такси
Маршрутные такси
Автомойки
Автозапчасти
Автосервисы
АЗС
 Торговля
Рынки
Быт.техники
Компьютеры
Цветы
Окна и двери
Магазины
Фотосалоны
Ювелирка
Обмен валюты
Строй магазины
Мебель на заказ
 Органы власти
Акимат
МВД
МЧС
ЦОН
ГАИ
МИН.юстиций
Военкомат
 Галерея
Фото Галерея
Видео Галерея
Игры
  Прочее
Админ
Помощь сайту
Контакты






Наше творчество

 

Жұпаркүл Бекшораева, Ұстаз-ақын, әуесқой сазгер, Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі, Халық қаҺарманы Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалінің иегері , Қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төраға орынбасары

Чернобель апатына барып, Отандық борышын өтеген азаматтарға басымызды ие отырып, өмірден озғандарға Алла пейіш төрін бұйыртсын деп дұға етейк! Елдігіміздің ынтымағын арттыруға өз үлестерін қосып, ортамызда жүрген азаматтарға амандық-саулық тілеу, азаматтық борышымыз екенін бүгінгі ұрпақ түсінер деген оймен төмендегі өлең жолдарын тарту еткім келді.

Бүгінгі ұрпақты Отанын, туған жерін сүю деген құдіреттің дәнін егуге өз үлесімді қоса алсам, өзімді бақытты сезінемін.


Чернобыль оқиғасы.

Апат болған Чернобыльде,
Уланып ауа есілді.
Онда тұрған бар халықты,
Жылдамдатып көшірді.

Үкім келіп жоғарыдан,
Басын қосты сайланып.
Әрбір ұлттың өкілдері,
Көмекке жетті топтанып.

Барлық ұлттар басты қосты,
Отан үшін алға деп!
Апат болған Чернобыльге,
Жетті халық Алла деп!

Кентауымнан қанша қыран,
Ұшты ұмтылып, көмекке.
Туған елдің ақ тілегін,
Жеткізді жандар бірлікте.

Ия, ия қайдан білсін,
Улы аймақты ондағы.
Миллондаған халық жаны,
Жараланды, уланды.

Жанталасып станса ішін,
Күл-қоқыстан тазартты.
Күш-жігерін жиып алып,
Барған жандар шыңдалды.

Улы ауа жан-жағына,
Бір-ақ сәтте тарады.
Белді шешкен азаматтар,
Белге жүкті байлады.

Қан майданнан кем түспеді,
Онда жұмыс қайнады.
Кезектесіп жұмысшылар,
Қолдан-қолға тұрмады.

Жалын шоғы ішті өртеп,
Жатқанын да сезбеді.
Болашақта залалы көп,
Боларын тағы білмеді.

Бітіреміз аз-ақ күнде,
Деген үміт алдады.
Әттең-әттең, өкінішті,
Улы зардап шайқады.

Саңлау тауып ішке енді,
Улы шаңның тозаңы.
Еңбектенген бар халықтың,
Таусылмады амалы.

Ұжымдасып іс жасады,
Өшпейтіндей тарихқа.
Жүректерін тек Отанға,
Арнап келді, шындықта!

Содан бері сырғып күндер,
Өтіп жатыр бәрі арман.
Қанша жандар өтті өмірден,
Ішке енген тозаңнан.

Бір Алланың үкіміне
Шүкіршілік етеміз.
Отан үшін басын иген,
Пенделерді сүйеміз.

Азаматтар жүр ортада,
Барға шүкір етеді.
Өткен іске өкінбестен,
Құр сүлбесі күледі!

Арман асу жан - жарасын,
Жаза алар ма күмәнсіз.
Алла беріп бақыт таңын,
Өтсін өмір қаяусыз.

Аман болсын, аман жүрсін,
Ұрпағымен азамат.
Бұл ғаламның төрт бұрышы,
Бақ тілейді салауат!

Ақын, композитор: Жұпаркүл Бекшораева







Нравится ли вам данная статья?

Нравится











Не забудьте оставить комментарий




















Система Orphus



© Кентау 2014 - 2018 копирование материалов разрешено только при условии размещения гипер ссылки на сайт kentuki.kz